top of page
Search

Президент ҚазҰУ профессорын марапаттады

Президент ҚазҰУ профессорын марапаттады. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Азия зерттеулер институтының директоры Гера Ким халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн Мемлекет басшысының Жарлығымен IІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.


Гера Николаевич – Орталық Азиядағы корейтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Профессор Ким Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапонияның шетелдік жоғары оқу орындарында сабақ берді, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Көптеген жылдар бойы ғалым «Орталық Азиядағы корейтану жаңалықтары» ғылыми журналын басқарды.

ҚазҰУ-дың Азия зерттеулер институты аясында корей және дүние жүзі тарихын ұзақ жылдар бойы зерттеп келеді.


Профессор «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» атағымен марапатталған. Оңтүстік Кореяның бірқатар ордені және медалін иеленген.


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page