top of page
Search

Ресей театр өнері институты қазақстандық режиссерлерге бес грант бөледі

26.06.2024.


Еуропадағы ең ірі театр саласы бойынша білім беретін Ресей театр өнері институты (ГИТИС) Қазақстандықтарға грантта оқуға мүмкіндік береді.


смс

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі РФ Мәдениет министрлігімен «Театр режиссурасы» мамандығы бойынша бес бюджеттік орын бөлу туралы келісімге келді.


Конкурсқа колледж түлектері, сондай-ақ қазіргі театр мамандары қатыса алады.


2024 жылғы 5 шілдеге дейін мына сілтемедегі құжатты толтыра отырып өтінім беруге болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdl9MEOQxa3xlLYoiAkJvtVBShJzY8cp2wn7SEle3-GKw0Qtg/viewform.


Негізгі ақпараттан басқа, үміткер өзі туралы видеоны бірге жүктеу қажет, сонымен қатар режиссураны таңдау себебіне де тоқтала кеткен жөн.


 

Бірінші кезеңнен өткен үміткерлер Алматыда арнайы комиссия өткізетін офлайн кездесуге шақырылады (05.07.24 -12.07.24).


Мемлекеттік театр өнері институты – Мәскеудегі 140 жылдан астам тарихы бар университет. Оқу ордасынан Марк Захаров, Анатолий Эфрос, Александр Абдулов, Олег Меньшиков және т. б. белгілі өнер қайтраткерлері білім алған.


Институтты бітірген танымал түлектердің бірі – қазақ театр және кино режиссері, педагог, КСРО және ҚазКСР Халық әртісі Әзірбайжан Мәмбетов. Қазіргі уақытта өнер институтын бітірген түлектер дәстүрін қазіргі театр режиссерлері – Жұлдызбек Жұманбай мен Әлібек Өмірбекұлы жалғастыруда.


Конкурс туралы барлық сұрақтар бойынша +77473314324 нөміріне (Аружан) хабарласуға болады.




© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page