top of page
Search

Рудный индустриялық институты Германияның жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатты

Рудный индустриялық институты Германияның жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатты. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Германияда жұмыс сапарымен жүрген Рудный индустриялық институтының делегациясы Германиядағы бірқатар университеттермен келіссөз жүргізді. Институт ректоры Әбдірахман Найзабеков Фрайберг тау-кен академиясы Техникалық университетінің ректоры Klaus-Dieter Barbknecht профессормен кездесті. Кездесуде білім беру және ғылыми салалардағы ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары талқыланды.

Профессор Klaus-Dieter Barbknecht РИИ студенттеріне Фрайберг тау-кен академиясы Техникалық университетінің магистратурасы мен PhD докторантурасында оқуын жалғастыру үшін гранттар мен стипендиялар бөлуге ниет білдірді.

«Академиялық ұтқырлық пен студенттік тағылымдамаларды дамыту мәселелері бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік. Атап айтқанда, күзгі семестрде РИИ студенттері неміс жоо-да сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқудан өтеді. РИИ білім алушыларының тілдік құзыреттілігін арттыру мақсатында шетелдік жоо неміс тілін тегін онлайн оқытуды ұйымдастырады», - дейді институт ректоры Әбдірахман Найзабеков.

Тараптар бірлескен ғылыми зерттеулерді одан әрі жүргізуді, РИИ оқытушылары үшін біліктілікті арттыруды және ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруды талқылады.

Неміс жоо-сына барған кезде ғылыми зерттеулерді жүргізу тәжірибесін зерделеуге және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру процестерін жеделдету мақсатында мемлекеттің, академиялық орта мен бизнестің өзара іс-қимылының қолданыстағы тетіктерімен танысуға ерекше назар аударылады.





© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page