top of page
Search

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ мен Түркияның Ататүрік университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне Түркияның Эрзурум қаласындағы Ататүрік университетінің делегациясы келді. Ататүрік Университетінің ректоры, профессор, доктор Өмер Чомаклы, Ататүрік Университетінің халықаралық істер жөніндегі үйлестірушісі, профессор, доктор Ташкин Озташ, сондай-ақ Ататүрік Университетінің «Эразмус» кеңсесінің қызметкері Пынар Ұчак ҚазАТЗУ-мен тығыз ынтымақтастық орнату ниетімен келіп отыр.


КазАТИУ им. С. Сейфуллина и Университет Ататюрка подписали меморандум о сотрудничестве

ҚР ҰҒА академигі, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Қанат Маратұлы Тіреуов университеттің принциптері мен міндеттерін таныстырды.


«ҚазАТЗУ жобалық басқарудың халықаралық стандартын пайдалана отырып 2022 жылдың қарашасынан бастап оқу орнын әлемдік деңгейдегі университетке айналдыру процесін бастады. Негізгі мақсат - әлемнің жетекші 500 университетінің қатарына кіру. Ұжымның үйлесімді жұмысының арқасында университет ірі әлемдік рейтингтерде лайықты орын алып келеді», – деді Қанат Тіреуов.

ҚазАТЗУ басшысы түрік әріптестерін жолға қойылған жұмыстардан хабардар етті.


«ҚазАТЗУ әрiптестер желiсiн кеңейтіп және халықаралық жобаларға қатыса отырып түрiк университеттерiмен халықаралық байланыстарды одан әрi нығайтуды жалғастыруда. Қарадениз техникалық университетімен «Орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша екі дипломдық шарт бойынша мамандар даярлау туралы шарт жасалғанын ерекше атап өткім келеді. Қазір білім беру бағдарламасын Ұлттық тізілімге енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Университетіміз Түркияның жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен белсенді ынтымақтастық жүргізуде. Магистранттар мен докторанттарды бірлесіп даярлау саласында ынтымақтастықты дамыта отырып, Түркияның 10 серіктестерімен бірлескен жұмыс атқарып келеміз. 2023 жылы қазанда Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджу мырзаның және оның әріптестерінің қатысуымен астық шаруашылығын дамытуға арналған дөңгелек үстел өткіздік», – деді Қанат Тіреуов.

Түркиядан келген әріптестермен ынтымақтастық сондай-ақ агрономия, дәнді дақылдар селекциясы, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын басқаруды қоса алғанда табиғи ресурстарды басқару саласындағы ғылыми зерттеулер саласында да жүргізілуде.


Стамбұл ветеринарлық университеті ҚазАТЗУ-дың ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің маңызды стратегиялық серіктесіне айналды. Университет докторанттары проф-р Әли Айдынның басшылығымен ғылыми зерттеулерді табысты жүзеге асыруда.


Ататүрік Университетінің Ректоры Өмер Чомаклы өз оқу орны туралы әңгімелеп берді. Түркиялық оқу орнының ауқымдылығын студенттердің 22 факультетте, 18 колледжде, 8 институтта және 30 зерттеу орталығында білім алуы растайды.


Кездесу соңында тараптар білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.


Сонымен бірге, ҚазАТЗУ Басқарма Төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов Ататүрік Университетінің Ректоры Өмер Чомаклыны «Сәкен Сейфуллин» медалімен марапаттады. 

© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page