top of page
Search

Самарқандта Түркі мемлекеттері ұйымы білім министрлерінің VII кездесуі өтті

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев бастаған қазақстандық делегация Түркі мемлекеттері ұйымы білім министрлерінің VII кездесуіне қатысты. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Ұйымға қатысушы елдердің білім беру саласының өкілдері дәстүрлі түрде осы іс-шарада кездесіп, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.


2022 жылғы қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев ұйымның желілік университетін құру туралы бастама көтерді. Осы бастаманы ілгерілету мақсатында вице-министр ұйымға мүше елдердің желілік университеті тұжырымдамасының жобасын таныстырды. Тараптар жобаны талқылап, ұсыныстар енгізуге келісті.

«Мемлекет басшысының Түркі мемлекеттері ұйымының желілік университетін құру жөніндегі бастамасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының университеті және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының желілік университетіне сай серіктес елдердің жетекші университеттерінің өзара іс-қимылының икемді тетіктерін құруды, сондай-ақ академиялық ұтқырлықты, бірлескен және қос дипломды академиялық бағдарламаларды, бірлескен ғылыми жобаларды дамыту және жағдайларды қамтамасыз етуді, барлық түркітілдес елдердің студенттері арасындағы мәдениетаралық диалогты нығайтуды көздейді», - деп атап өтті Қуаныш Ерғалиев.

Сонымен қатар ол Түркия Республикасы Жоғары білім Кеңесінің Басқарма мүшесі Naci Gundogan мырзамен жоғары білім саласындағы ынтымақтастық және Қазақстан Республикасында жетекші түрік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша екіжақты келіссөздер жүргізді.


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page