top of page
Search

Саясат Нұрбек 19-шы жыл сайынғы дүниежүзілік білім форумына қатысты

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 19-шы жыл сайынғы дүниежүзілік білім форумына қатысты. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Ұлыбританияның Білім жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Джиллиан Киганның шақыруымен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек Лондонда өткен 19-шы жыл сайынғы Дүниежүзілік білім форумына қатысты.


Форум алаңында Министр С. Нұрбек Индонезияның білім, мәдениет, зерттеулер және технологиялар министрі Надим Макариммен, Гонконгтің Білім министрі Christine Choi Yuk-lin-мен, Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаевпен сындарлы келіссөздер өткізді. Кездесу барысында тараптар жетекшілік ететін салалардағы екіжақты қатынастарды нығайтудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.


Ведомство басшысы Дүниежүзілік банк тобының білім беру саласындағы жаһандық тәжірибе жетекшісі Jaime Saavedra, Білім және дағдылар жөніндегі директоры, ЭЫДҰ Бас хатшысының білім беру саласындағы саясат мәселелері жөніндегі арнайы кеңесшісі Andreas Schleicher, YÖK президентінің кеңесшісі (Түркияның жоғары білім кеңесі) Mustafa Turker Ari-мен келіссөздер жүргізді.


Сондай-ақ, Саясат Нұрбек Дүниежүзілік форум аясында Educational Testing Service компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Амит Севакпен кездесті. Келіссөздер нәтижесінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ETS арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.


Ол ETS-тің жаңа тест орталықтарын ашу жоспарын бекітіп қана қоймай, ынтымақтастықтың басқа да бағыттарын, оның ішінде ағылшын тілін оқыту әдістемесін дамытуды да айқындайды.




© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page