top of page
Search

Саясат Нұрбек АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Министр Саясат Нұрбек АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті. ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды. Іс-шара барысында жоғары білім және ғылым саласындағы екіжақты қатынастарға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.


Министр Даниэль Розенблюмді АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Ол М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында Аризона университетінің филиалының ашылуы туралы айтты.

«Мемлекет басшысы ғылым және жоғары білім министрлігінің алдына елдегі ғылымды, оның ішінде университеттік ғылымды дамыту бойынша міндеттер қойды. Қазіргі уақытта бірнеше қазақстандық жоғары оқу орны зерттеу жоо-сы мәртебесіне ие болды. Сонымен қатар біз ғылымды коммерцияландырумен белсенді айналысып, ғылым мен бизнес арасында көпір салудамыз. Тағы бір маңызды басымдық – «500 ғалым» бағдарламасы шеңберінде тағылымдамадан өту есебінен ғалымдардың біліктілігін арттыру», – деді Саясат Нұрбек.




Comments


bottom of page