top of page
Search

Саясат Нұрбек пен Михаил Швыдкой ғылым және жоғары білім мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесу өткізді, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім міністрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Кездесу аясында тараптар екі елдің ғылым және жоғары білім беру бағыты бойынша мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.


Ресей Федерациясы Президентінің арнайы өкілі Михаил Швыдкой Министрді құттықтап, Ресейде 2024 жылы Ресей Ғылым академиясының 300 жылдығы атап өтілетінін айтып, Саясат Нұрбекті аталған іс-шараға қатысуға шақырды.


Өз кезегінде ведомство басшысы Михаил Швыдкойға алғысын білдіріп, Қазақстан мен Ресей арасында ғылым мен жоғары білім саласында көпжылдық жемісті ынтымақтастық орнатылғанын жеткізді.


Сондай-ақ, елімізде Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындары филиалдарының ашылғандығы атап өтілді.



















© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page