top of page
Search

Саясат Нұрбек Қарағанды индустриялық университетінің инновацияларымен танысты

7.08.2024.


Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қарағанды индустриялық университетінде болып, оқу орнымен, оның жетістіктерімен, материалдық-техникалық базасымен және ғылыми-педагогикалық әлеуетімен танысты.



Бірінші кезекте, министр сапалы білім беру үдерісін жүргізу үшін жабдықталған мамандандырылған аудиторияларды, атап айтқанда, «Құрылыс» (Құрылыс конструкцияларын жобалау), «Энергетика» (Дәстүрлі және баламалы энергетика), «Жасанды интеллект технологиялары» (Автоматтандырудың техникалық құралдары зертханасы) сияқты кафедралардың аудиторияларын аралады.


Бұдан соң оқу орнының IT-Step компьютерлік академиясы, компьютерлік сыныптар, студенттік басқару органдарының кабинеттері таныстырылды.


Университетпен танысу одан әрі Металлургия орталығының зертханаларына барумен жалғасты.


Comentarios


bottom of page