top of page
Search

«Серпін» жобасы

27.06.2024.


«Серпін» жобасының басты мақсаты еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарда оқытып, білікті мамандар даярлау, «Замануи білім беру» журналы ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


смс

Сонымен, «Серпін» бағдарламасына келесі аймақтардың түлектері қатыса алады:

ТҮРКІСТАН, ҚЫЗЫЛОРДА, ЖАМБЫЛ, АЛМАТЫ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫ.


Бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған.


Гранттар мынадай облыстарда орналасқан жоо-ларға бөлінді: Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай облыстары.


Гранттар тек педагогикалық,  IT және техникалық, ауыл шаруашылық мамандықтарына беріледі.


Биыл «Серпін» бағдарламасына мемлекеттен 3 903 грант бөлініп отыр. Оның 2500-ден астамы педагогикалық бағытта, 700-ге жуығы инженерия, өңдеу және құрылыс саласына, ал 300-ге жуығы IT-ге, 70-ке жуық грант ауыл шаруашылығы және биоресурстар бағытына бөлінген.


Жоба бойынша грантқа түскен түлектер шәкіртақы алады және жатақханамен қамтамасыз етіледі.


«Серпін» бағдарламасы түлектері үшін оқу аяқтаған соң грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа ұлғайтылды.

Comments


bottom of page