top of page
Search

Словакия Республикасында магистранттар мен докторанттарға оқуға арналған гранттар

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Словакия Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.


Словакия Республикасында магистранттар мен докторанттарға оқуға арналған гранттар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Словакия Республикасының Білім министрлігі арасындағы Меморандум аясында қазақстандық азаматтарға магистратура мен докторантурада оқудан өту мүмкіндігі ашылды.


Гранттар саны: 4

  • Магистранттарға 2 грант

  • Докторанттарға 2 грант


Негізгі шарттары:

  • Шәкіртақы магистранттар мен докторанттардың оқу сапарларына арналған (оқу ұзақтығы: 3 айдан 10 айға дейін).

  • Шәкіртақы дәреже алу үшін оқудың толық курсын қамтымайды.

  • Шәкіртақы келесі шығындарды қамтиды: Магистранттар үшін: айына 620 евро. Докторанттар үшін: айына 1025,50 евро.

Медициналық сақтандыру және жол ақысын үміткер өз есебінен төлейді.


Оқу тілі:

  • Словакияда білім словак тілінде (немесе чех тілінде), сонымен қатар ағылшын тілінде жүргізіледі. Словак (чех) тілін білу деңгейі жеткіліксіз болған жағдайда, өтініште ағылшын тілін білу деңгейін көрсету қажет.


Гранттар туралы толық ақпарат веб-сайтта берілген.


Өтінім беру мерзімі: 2025 жылдың 5 наурызына дейін (қоса алғанда).

Құжаттар 2025 жылғы 3 ақпаннан 5 наурызына дейін (қосы алғанда) «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz)


https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/pass_203_mon арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға кеп қолма қол тапсыруға болады.

Құжат тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен келесі сілтемеде танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=63vBxsMIkYs


Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу келесі турлар арқылы жүзеге асырылады:

  1. Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен үміткерлердің дербес әңгімелесуін онлайн режимде өткізу.

  2. Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығаруы.

Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі өлшемшарттар:

  1. балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;

  2. білім туралы құжаттың балдық жүйе бойынша орташа балы;

  3. Тәуелсіз сараптамалық комиссияның бағасы.


Қағидалардың 17-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде балл тең болған жағдайда мына төмендегілер баллмен басымдыққа ие болады (келесі ретпен):

  1. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

  2. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;

  3. көп балалы отбасынан шыққан балалар;

  4. ауылдық елді мекеннен шыққан, соңғы 2 (екі) жылда ауылдық елді мекенде тұратын үміткерлер;

  5. шетелдік жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шақыруы бар үміткерлер, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында білім алушылар.


Іріктеу қорытындысы бойынша ұсынылған үміткерлердің тізімі қабылдаушы тарапқа жіберіледі. Соңғы шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.


Құжат тапсыру бойынша толық ақпаратпен жадынамадан танысуға болады.

21-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес конкурс жеңімпазының шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайта оралуы және (бір) жыл мерзіммен үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделген.

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 76-90-76 ішкі нөмірлер: 110, 112, 113, 114, 115.


Ережемен мұқият танысуыңызды сұраймыз http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_





Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page