top of page
Search

Студенттер мен магистранттар қорытынды жұмыстарын онлайн қорғайды


dissertatsija.com

Докторантураға қабылдау электрондық форматта, ал диссертацияларды қорғау онлайн режимде жүргізіледі.


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына түсу ережелері өзгертілді. Енді докторантураға қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады. Өткен жылы бұл тәсіл магистратураға қабылдау кезінде тиімділігін көрсетті.


ҚР БҒМ мәліметінше, пандемияға байланысты студенттер мен магистранттарға қорытынды жұмыстарын онлайн форматта қорғауға рұқсат етілді. Егер дипломдық жұмыс немесе магистрлік диссертация онлайн форматта қорғалған болса, студенттерден «мөр» мен «қолтаңба» талап етудің қажеті жоқ.


Сонымен қатар енді барлық докторлық диссертация желіде трансляциялау арқылы онлайн режимде қорғалатын болады. Бұл ғылыми жұмыстарды қорғау рәсімінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.


Биыл бакалавриат пен магистратураға қанша грант бөлінетіні белгілі болды.


Ақпарат көзі: 24.kz



Comments


bottom of page