top of page
Search

Су ресурстары саласындағы озық тәжірибені қазақстандық жоғары оқу орындары қабылдайтын болады

26.02.2024.


Қазір су ресурстары мәселесі Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Су ресурстары саласында мамандар даярлау ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Скандинавия елдерінің бизнес-қауымдастығы ENBA және Finnish water forum өкілдерімен кездесуінде айтылды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Встреча министра науки и высшего образования РК с представителями бизнес-ассоциаций скандинавских стран ENBA и Finnish water forum

Кездесуге Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша жұмыс тобының директоры Арво Нерман, Eurasian Nordic Business Association төрағасы Жәния Әділбек қатысты.


Фин делегациясымен кездесудің күн тәртібі су ресурстары саласында қазақстандық кадрларды даярлаудағы әріптестік, ғылыми ынтымақтастық, білім алмасу және озық әдістер мен технологияларды қабылдау болды.


Су қауіпсіздігі жөніндегі әлемдік сарапшыларға алғысын білдіре отырып, Саясат Нұрбек өз сөзінде бүгінгі таңда су ресурстарын ұқыпты және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету өзекті міндет болып табылатынын, оны іске асырудың маңыздылығына Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударғанын атап өтті.


– Қазақстанда су көп болғанына қарамастан, тұтыну мәдениеті одан да жақсысын қалайды. Фокус суды ұтымды пайдалануға ғана емес, сонымен қатар шынымен сауатты кадрларды дайындауға бағытталуы керек. Осы мақсатта жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының арасынан Консорциум құрылды. Сондай-ақ, өткен жылдың соңында Каспийдің экологиялық мәселелерін зерттеуге мегагрант бөлінді. Биылғы жылы атақты Ташкент суару және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының филиалы жұмысын бастады және Тараздағы гидромелиоративтік институтты қалпына келтіру қолға алынды. Сондықтан «Finnish water forum» тәжірибесі біз үшін өте маңызды және қажет», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Comments


bottom of page