Сәтбаев университетінің студенттері Олег Шишацкий («Телекоммуникация» мамандығы) және Артур Нам («Electronic and Electrical Engineering» мамандығы) халықаралық аренада Қазақстанды лайықты таныстырып, Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен «Орбита 2024» беделді спутник құрастыру бойынша конкурста екінші орынды иеленді.
Аталмыш конкурсқа Сәтбаев университетінің электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар кафедрасының студенттерінен құрылған «Vernый» командасы қатысты. Сайыс ережесі бойынша 20-25 км биіктікке CubeSat спутнигін жасау және ұшыру міндеті қойылды. Конкурс барысында студенттер эксперименттер жүргізіп, тапсырманы лайықты деңгейде орындады.
Екатеринбургке келмес бұрын команда Introsat жинтығын алып, жүйенің электрлік бөлігін сынау үшін бір реттік спутник жинады. Екатеринбургке келгеннен кейін спутник үш юнитке сәтті қайта құрылды, бұл командаға жарысқа толық қатысуға мүмкіндік берді.
Жарыстың ресми ашылуы 28 мамырда өтті. Қатысушылар электроника және бағдарламалық жүйелермен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. «Vernый» командасы үш күн бойы спутникті ұшыруға, жүйелерді сынауға және эксперименттер жүргізуге белсенді түрде дайындалды.
Соңғы дайындық кезінде спутникті іске қосу алдында қуат жүйесінің қалыпты жұмыс істемеуі анықталды. Сабырлық сақтай отырып, қатысушылардың бірі жүйені алдын-ала дайындалған жүйеге ауыстырып, бұл спутникке миссия кезінде қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік берді.
Жобаларды қорғау 31 мамырда өтті, онда команда спутниктің жұмысы мен эксперименттердің нәтижелерін сипаттайтын презентациялар ұсынды. Қорғаудан кейін қазылар алқасы қатысушылардың жобаларын бағалап, нәтижелерін жариялады. Жарыс қорытындысы бойынша «Vernый» командасы жүлделі орынға ие болып, екінші орын алды.
«Orbit-2024» конкурсы Сәтбаев университеті электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар кафедрасының студенттеріне автоматты жүйелермен және бақылау-өлшеу құрылғыларымен жұмыс істеудің құнды тәжірибесін берді, бұл өңірлік деңгейде ғарыштық технологияларды дамытудағы маңызды қадам болып табылады.
Comments