top of page
Search

Тамара Дүйсенова Маңғыстау облысының білім беру нысандарын аралады

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі білім беру жүйесінің даму барысымен танысты, «Замануи білім беру» журналы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Тамара Дуйсенова посетила объекты образования Мангистауской области

Білім беру сапасын арттыру мақсатында өңірде тірек мектептер желісін құруға көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысында «Отпан» жобасы басталды. Оны іске асыруға білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен қатар өңірдің ірі компаниялары қатарынан демеушілер қатысады. Назарбаев Зияткерлік мектептері мен «Білім-Инновация» лицей-интернаттары жобаға қатысу үшін іріктелген 50 мектептің озық тәжірибесін және әдістемелерін бөліседі.


NCOC, «ҚазМұнайГаз» АҚ және «Халық» жеке қайырымдылық қоры мектептерді жарақтандыруға қолдау көрсетті. Демеушілер қатарында 60 оқу сыныбын жарақтандыруға қатысқан «Ordabasy Group» компаниясы бар.



«”Отпан” сынды жобаларды қолдау арқылы, біз ертеңгі күннің міндеттерін шешуге қабілетті білікті мамандарды тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайларды жасаймыз. Білім беру мекемелерін жаңғырту және педагогтардың біліктілігін арттыру біздің балаларымызға ең жақсы білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Біз осы бастаманың бір бөлігі болуға және Қазақстанның зияткерлік капиталын дамытуға үлес қосуға қуаныштымыз», – деді «Ordabasy Group» компаниясы басқарма төрағасының кеңесшісі Жармұхамед Аппаз.

Сонымен қатар Тамара Дүйсенова Ақтаудағы «Отпан» жобасына енгізілген екі мектептің қызметімен танысты. Оның шеңберінде №15 және 29 мектептерде материалдық-техникалық база күшейтілді. Мұғалімдер үшін оларда әртүрлі тақырыптық курстар мен семинарлар ұйымдастырылады.


«Облыс әкімдігі мектептердің жөндеуіне жауапты болды. Ал демеушілер пәндік кабинеттерді жабдықтады. «Отпан» жобасы мұндағы ұстаздарға, оқушыларға сапалы білім беру ісін ұйымдастыруда жақсы мүміндіктер туғызып жатыр. Бұл білім ошақтары кейін өзге де орта білім мектептері үшін тірек мекемелері болмақ», – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Оқушылардың ата-аналары да кабинеттерді жабдықтауға қаражат бөлген демеушілерге алғыстарын білдірді. Сапар аясында өңір мектептері басшыларының қатысуымен кеңес ұйымдастырылды. Оған өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай қатысты. Кездесу барысында өңірдегі орта білім беруді дамыту мәселелері талқыланды. 


Тамара Дуйсенова посетила объекты образования Мангистауской области

Жұмыс сапары барысында Тамара Дүйсенова облыс орталығындағы «Балбұлақ» балабақшасы жұмысымен танысты. 300-ден астам бала оқитын мекемеде Монтессори, логопед, психолог кабинеттері бар. Балабақшада мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша кеңес өтті.


Өңірде бастауыш мектеп пен балабақша бағдарламаларын синхрондау жұмыстары жалғасуда. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін консультациялық орталықтар жұмыс істейді. Бұл жұмыс Маңғыстау облысының 169 балабақшасында жүргізілуде.


Мектепке дейінгі білім беру мекемелерін цифрландыру да басты назарда. Кездесу барысында Тараз қаласында пилоттық режимде іске асырылатын қаржыландырудың ваучерлік әдісін енгізу нәтижелері таныстырылды. Аталған жүйе талаптарға сай келетін барлық балабақшаларды бюджеттік қаржыландыруға жол ашты. Ата-аналар мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыруды таңдауға мүмкіндік алды, ашықтық есебінен бюджет қаражатын үнемдеу жүріп жатыр.


«Жүйе өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Ваучерлік қаржыландыру әдісі Шымкент және Түркістан қалаларында енгізілуде. Ата-аналар мен балалардың мүдделеріне сай келетін жүйе барлық өңірлерде енгізілуі тиіс», – деді Тамара Дүйсенова.

Мемлекет басшысы келер жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған болатын. Осы орайда елдегі техникалық және кәсіптік білім беру саласын трансформациялау міндеті тұр. Қазірде колледждерді бейіндеу жұмысы жүргізілуде. Негізгі мақсат кәсіптік білім беру нысандарын ең алдымен өңірлердің сұранысына қажетті кадрларды даярлау орнына айналдыру.


Тамара Дуйсенова посетила объекты образования Мангистауской области

Жұмыс сапары аясында вице-премьер Маңғыстау туризм колледжіне барды, онда дуальды оқыту жобасын пайдалана отырып, қызмет көрсету саласына мамандар даярланады. Колледж түлектерге жұмысқа орналасу үшін жағдай жасай отырып, ірі кәсіпорындармен, жергілікті және шетелдік қонақүйлермен белсенді жұмыс істейді.


Колледж базасында оқу орындары басшыларының қатысуымен техникалық және кәсіптік білім беру саласына қатысты мәселелер талқыланды. Қазіргі уақытта кадрларды даярлауды 26 оқу орны жүргізеді. Түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші 72 пайызға жуықтайды. Облыстағы тірек колледждері айқандалып, өзара тәжірибе алмасу ісі қолға алынған.


«Техникалық және кәсіптік білім беру бағытында бірқатар шаралар қолға алынды. Колледждердің жұмыс сапасына қатысты бағалау жүргізіліп, оларды лигаларға жіктеу қарастырылған. Оқу процесіне халықаралық стандарттарды енгізу қажет. Бұл дайындалатын мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін керек. Халықаралық салалық стандарттарды енгізген, түлектердің басым бөлігі сертификатталған және орташа есеппен жоғары мөлшерде еңбекақы алатын колледждерге ынталандырушы төлемдер қарастырылатын болады», – деді Тамара Дүйсенова.

Жұмыс сапары аясында Тамара Дүйсенова Ақтау халықаралық мектебіне (AIS) барды. Қазір онда 420 оқушы оқиды. Оқытушылардың 80%-ы еліміздің әртүрлі аймақтарынан келген жоғары білікті педагогтар. Сондай-ақ 5 шетелдік маман тартылды.


Тамара Дуйсенова посетила объекты образования Мангистауской области

Облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 600 орындық 13 орта оқу орнын салу жоспарланған. Желтоқсан айында әрқайсысы 1200 орыннан тұратын 3 нысан пайдалануға беріледі. Қазір ғимараттарда әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Вице-премьер құрылыс барысымен танысты. Тамара Дүйсенова объектілерді уақытылы тапсыру үшін құрылыс жұмыстарының мерзімі мен сапасын мұқият бақылауды тапсырды.


Comments


bottom of page