ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында Тараз қаласындағы «Бәйтерек» мөлтек ауданында 1200 орындық №66 орта мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл Жамбыл облысында ашылған екінші жайлы мектеп.
Мектептің салтантты ашылу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы, білім басқармасының басшысы Садырқұлов Рауан Нұрғалиұлы, білім саласының ардагерлері, қоғам қайраткерлері, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Заманауи үлгіде салынған жаңа мектептің ашылуымен құттықтаған облыс басшысы мектеп оқушыларына медиа орталықтың сертификатын тарту етті.
Мектепте білім алушылар мен педагогтерге қауіпсіз және жайлы жағдай жасалған. Педагогтерге қажетті жұмыс аймақтары, бастауыш сыныптар, негізгі және орта мектептерге жеке блоктармен, әмбебап шеберханалармен, заманауи оқу бөлмелерімен жабдықталған.Ғимаратта 165 орынға арналған мәжіліс залы, 59 оқу бөлмелері, асхана (296 орын), 2 спорт зал, 2 лингафон кабинеті, 3 зертхана, 1 кітапхана (оқу залы – 30 орын), 2 компьютер кабинеті, 3 шеберхана, робототехника, 10 коворкинг орталығы бар.
Жаңа мектептің пайдалануға берілуі - үш ауысымды мектептер мәселесін шешті.
Commentaires