20.09.2024.
С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Компьютерлік жүйелер және кәсіптік оқыту факультетінің студенттері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК цифрландыру департаментінің директоры Б.Қ. Алпысбековпен кездесті.
Кездесуде Бернат Қанатұлы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі жанынан Ақпараттық жүйелер мекемесінің ашылғаны туралы жиналғандарды хабардар етіп, ауыл шаруашылығына маманданған бұл мекемеге Сейфуллин университетінің КЖжКО факультетінің студенттерінің мүмкіндігі мол екендігіне тоқталып, оның себеп-салдарын ашып айтты.
Өзі басқаратын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК цифрландыру департаментінің жұмысымен аныстырған Б.Қ. Алпысбеков факультет студенттерінің осы мекемеде тәжірибеден өту мүмкіндігі барын ескертті.
Кездесуді КЖжКО факультетінің деканы Е.С.Ибышев жүргізді.
Жүздесу соңында студенттер өздерінің болашақ мамандықтары бойынша жұмысқа қалай орналасуға болатындығы туралы сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауаптарын алды.
Comentarios