28.05.2024.
22-24 мамыр аралығында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен білім беруде ЖИ-құралдарын қолдану, IT-кадрларды даярлау және ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселелері бойынша еліміздің техникалық жоғарыоқу орындарымен бірқатар тыңдаулар өткізілді, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Кездесу барысында университет өкілдері студенттер мен оқытушыларды ЖИ заманауи әдістері мен технологияларына оқытуға бағытталған курстар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бойынша өз жоспарларын ұсынды. Сондай-ақ, білім берудің тиімділігін арттыру және елдің инновациялық әлеуетін арттыру мақсатында жасанды интеллектті оқу бағдарламалары мен зерттеу қызметіне интеграциялау мәселелеріне назар аударылды.
Қазақстан-Британ техникалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Д. Серікбаев атындағы ШығысҚазақстан техникалық университеті сияқты университеттердің отандық IT-кадрларды даярлаужәне білім беруде ЖИ-құралдарын қолдану тәжірибесі ерекше атап өтілді.
Вице-министр университеттердің ЖИ саласында кадрлар даярлау және білім мен ғылымның түрлі салаларында ЖИ құралдарын қолдану жөніндегі белсенді жұмысының маңыздылығын атап өтті. Бұл инновациялық экожүйені дамытуға және Қазақстанның білім беру секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.
Comments