top of page
Search

Техникалық және кәсіптік білім беруге мемлекеттік тапсырыс 45 мың орынға артадыБарлық құқықтар қор

Биыл техникалық және кәсіптік білім беруге мемлекеттік тапсырыс 45 мың орынға артып, 125 мың тегін грант бөлінеді. Бұл туралы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова мәлім етті.


«Жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100 пайыз қамту үшін мемлекеттік тапсырысты ұлғайту керек. Осы орайда биыл республикалық бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс 45 мың орынға артады. Сонымен қатар әкімдіктер де мемлекеттік тапсырыс бойынша 80 мың орынды жоспарлап отыр. Жалпы колледждерде тегін білім алуға 125 мың орын беріледі. Президенттің техникалық және кәсіптік білім беруді қайта қарауға қатысты тапсырмасы баршамызға аян», - деді Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыстың 70 пайызы техникалық мамандықтарға беріледі.


«Қазір ол көрсеткіш 45 пайызды құрайды. Мамандықтарға келсек, металлургия, IT, құрылыс, инженерия, машина жасау тағы сол сияқты. Бүгінгі таңда арнайы комиссиялар өңірлерде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін жасақтауда. Нәтижесінде керек мамандықтар бойынша орын сандарын бекітеді. Биыл 30 сәуірден бастап білім басқармалары мемлекеттік тапсырыс бөлінген мамандықтар туралы ақпаратты ресми сайттарында орналастырады», - дейді ол.



Comentarios


bottom of page