top of page
Search

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫ АҚШ-ТЫҢ 8 УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ


Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек ауылдық округіңде орналасқан №9 Көлтоған жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жанерке Зейлбекова Америка Құрама Штаттарының 8 университетінен грант ұтып алды.

Жанерке Зейлбекова 9 сыныптан бастап ағылшын тілін терең меңгеріп, Назарбаев университетіне түсуге тыңғылықты дайындала бастаған. 10-сыныпқа қадам басып, онлайн түрде оқу курстарынан өтіп, шет елдегі конкурстарға қатыса бастады.


Нәтижесінде АҚШ мемлекетінің 8 университетінен шақырту алды. Қазіргі таңда Түркия мемлекетінің жоғары оқу орындарына да құжаттарын тапсырып, нәтижесін күтуде. Білімді шәкірт жеткен жетістіктеріне басты себепкер болған №9 Көлтоған жалпы орта мектебінің ұстаздарына дән риза.



© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page