top of page
Search

Тәуелсіздік күні


 Oxford Qazaq Dictionary

16.12.2023.


Құрметті қазақ елі! Қадірлі ағайын! Сіздерді мемлекетіміздің ұлық мейрамы саналатын 16-желтоқсан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – біздің азаттығымыздың абыройын асырып, мерейін көтеретін қастерлі күндердің бірі.


Баһадүрлер сан ғасырлар бойы армандаған азаттықтың ақ таңы атып, еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Ұлттық бірегейлігіміз арқылы бірлігімізді бекемдедік, татулығымызды тұғырлы еттік. Бұл мерекенің баршамыз үшін де орны бөлек. Жастарымыз егемендіктің арқасында білімнің биігіне ұмтылып, отандық ғылымды дамытуға зор үлестерін қосуда.


Бабаларымыз қол созған осындай қасиетті күннің маңызы баршамыз үшін айрықша. Ынтымақ пен ырысты, береке мен бейбітті мызғымас темірқазық еткен қазақ халқы бүгінде әлемдік аренада өзінің жоғары бағасын алып отыр.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында:


«Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз»,

 – деп азаматтарымызға қасиетті құндылықтарымызды шегелеп берді.


Алаштың аяулы ақын қызы Фариза апамыз жырлағандай:


Сенде, тас та қастерлі, аспан да алау,

Сенде жанды тербетер дастан бар – ау.

Менің мынау өмірге құштарлығым

Сені жақсы көруден басталған – ау.


Осынау мерейлі күнде баршаңызға амандық пен жақсылық, бақ-береке, бейбітшілік тілеймін! Егемендіміз еңселі, елдігіміз баянды болғай!


Тәуелсіздік күні құтты болсын, ағайын!

© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page