top of page
Search

С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ білім беру бағдарламалары бойынша дуальды оқыту

Биылғы оқу жылында С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ кафедралары 100-ден астам пән бойынша дуальды оқыту элементтері бар сабақтарды   ұйымдастыруды жоспарланған.


Университеттің білім беру бағдарламалары бойынша дуальды оқыту

Дуальды оқыту түрі -бұл білім алушыларды практикалық даярлауды жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарға ие университет пен кәсіпорындардың өзара әрекеттесуіне негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру формасы.


Дуальды оқытудың мақсаты білім беру бағдарламаларының мазмұнын ескере отырып білім алушылардың өндіріс жағдайында практикалық дағдыларын қалыптастыру, кәсіби құзыреттіліктерді сапалы игеру болып табылады.


Университеттің білім беру бағдарламалары бойынша дуальды оқыту

Сонымен қатар Университет "2,5+1+0,5" бағдарламасы бойынша мамандарды  даярлауды қарастыруда,мұнда 2,5 жыл оқыту дәстүрлі форматта өткізіледі, 1 жыл өндіріс жағдайында оқыту (дуальды оқыту және кәсіби практика) және 0,5 жыл қорытынды аттестаттау кезеңі болып табылады. Оқытуды ұйымдастырудыңбұл түрі білім алушыларға өндірісте көбірек болуға мүмкіндік береді, ол кәсіби дағдыларды қалыптастыруға, білім алушылардың кәсіби бейімделуіне ықпал етеді, сондай-ақ болашақ түлектерге университетті бітіргеннен кейін кәсіпорында жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.


Университеттің білім беру бағдарламалары бойынша дуальды оқыту

Университеттің білім беру бағдарламалары бойынша дуальды оқытуды ұйымдастыру мониторингі барысында білім алушылардың өздері теориялық оқытудың практикалық жұмыспен байланысы жүзеге асырылатын практикалық оқытудың осы форматының өткізілуіне қызығушылық танытты.Кәсіпорындар тәжірибелі тәлімгерлерді, жабдықтар мен үлестірме материалдарды ұсына отырып, білім алушылар үшін барлық жағдай жасайды.

Comments


bottom of page