top of page
Search

Шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөнінде баспасөз конференциясы өтті

24.06.2024.


Шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөнінде баспасөз конференциясы өтті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


пресс-конференция по открытию филиалов зарубежных вузов Казахстан

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Саясат Нұрбек шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарының ашылуы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы мәлімдеді. БАҚ өкілдерімен брифингке сондай-ақ Хериот-Уотт университетінің провосты және вице-канцлерінің орынбасары Марк Бигс қатысты.


Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашуды тапсырған болатын. Қазіргі таңда 20 жуық мықты шетелдік университет Қазақстанға шақырылды.  


«Биыл жаңа оқу жылында тағы 8 мықты филиал ашылады», – деді ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, шетелдік университеттер Қазақстанға инвестиция салып, ғимарат салады немесе оны сатып алады және британдық форматпен немесе шетелдік форматымен оқытуды бастайды.

© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page