top of page
Search

Шетелдік профессор жасанды интеллект бойынша дәріс оқиды

Шетелдік мамандарды білім беру қызметіне тарту мақсатында Жұбанов университетіне Түркиядағы Карадениз техникалық университетінің профессоры Васиф Набиев келді, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Түркиялық ғалым физика-математика факультетінің «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының студенттері мен магистранттарына екі апта бойы дәріс оқиды. «Жасанды интеллект мәселелері», «Машиналық оқыту. Үлгіні тану», «Заманауи жасанды интеллект» тағы да басқа бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесімен бөліседі.


«Жасанды интеллект» пәнін игерудің мақсаты қатысушыларды жасанды интеллект саласындағы мәселелер мен міндеттер шеңберімен таныстыру. Курс барысында жасанды интеллекттің даму тарихы, машиналық оқытудың негізгі ұғымдары мен әдістерін қолдану, алгоритмдердің логикасы мен теориясының негізгі ұғымдары, нейрондық желілердің архитектурасы, қазіргі жасанды интеллект және тағы басқа да мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар зерттелетін тақырыптар бойынша ғылыми мақалалар дайындау жоспарда бар», – дейді профессор.

Васиф Набиев Scopus базасындағы Хирша индексі h=14, Web of Science базасындағы Хирша индексі h=11. Scopus базасындағы 98, Web of Science базасындағы 68 ғылыми мақалалардың авторы, дипломдық және диссертациялық жұмыстардың жетекшісі.


Васиф Набиев









© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page