top of page
Search

Шығыс Қазақстанда өңірлік ғылымның даму перспективалары мен рөлі талқыланды

17 қазан күні Өскемен қаласында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтті. Айтулы шарада өңірлік ғылымды дамытудың өзекті мәселелері мен оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлі талқыланды.


В Усть-Каменогорске будет открыт филиал Национальной академии наук Республики Казахстан

Отырыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев өңірлік ғылым – аймақтың тұрақты инновациялық дамуының негізі екендігін атап өтті және Қазақстандағы ғылымды дамытуға мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың қолдауымен үлкен көңіл бөлініп жатқанына назар аударды.


Өз сөзінде спикер ғылымның практикалық маңызын арттыру, оны қоғам мен экономиканың озық дамуын қамтамасыз ететін нақты экономикалық ресурсқа айналдыру үшін ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың заманауи жүйесін құру керектігін айтты. Бұл тұрғыдан алғанда, өңірлік ғылымды дамыту - инновацияларды ілгерілетудің, экономиканың нақты секторы мен ғылымның байланысын нығайтудың негізгі факторы екендігіне тоқталды.


Отырыс аясында «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар» және «Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдік әлемін, экологияны тиімді пайдалану» бағыттары бойынша болжамның аралық нәтижелерін талқылау форсайт сессиясында ғалымдар өздерінің зерттеулері мен әзірлемелерін ұсынды. «Ғылым-бизнес» форматындағы сессияда коммерциализацияға дайын болашақты жобаларын ұсынды. Қатысушылар ғылыми қауымдастық пен бизнес арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыға салынды.


Отырыста ғалымдар, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, бизнес және қоғам өкілдері арасындағы диалог орнап, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, идеялармен бөлісіп, Қазақстандағы аймақтық ғылымды дамыту үшін бірлескен шешімдер әзірледі.Көшпелі отырыс аясында өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарымен ынтымақтастық туралы 4 меморандумға қол қойылып, отырыс нәтижесі бойынша өңірлік ғылымды дамытуды шешуге бағытталған қарар қабылданды.


Сондай-ақ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Өскемендегі филиалы жұмыс істей бастайды.Бұл филиал өңір мен ел ғалымдарын біріктіретін маңызды алаңға айналып, ғылыми және аналитикалық зерттеулер жүргізу, түрлі өнеркәсіп салаларында озық технологияларды енгізу үшін қызмет етеді. Сондай-ақ, филиал ШҚТУ-нің ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтып, ғалымдар мен өңірдегі өндірістік кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты күшейтеді.


Ұлттық ғылым академиясының филиалы алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулердің орталығына айналып, ғылым, технологиялар мен инновациялардың басым бағыттарын дамытуға, сондай-ақ ғалымдар, білім беру мекемелері мен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Филиал ғылымды өндіріс пен интеграциялауды жеңілдетеді, бұл заманауи технологиялар мен шешімдерді экономиканың түрлі салаларына енгізуді жылдамдатуға мүмкіндік береді. Өскемендегі

Академия филиалы Шығыс Қазақстан облысындағы ғалымдардың ғылыми зерттеулерін жүргізу және әлеуетін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.ние современных технологий и решений в различных отраслях экономики. Филиал Академии в Усть-Каменогорске откроет новые возможности для научных исследований и развития потенциала ученых Восточно-Казахстанской области.

Comments


bottom of page