top of page
Search

ШЫҰ технологиялар трансферті орталығына Ғылым қорының ғылыми жобалары таныстырылды

28.05.2024.


ШЫҰ технологиялар трансферті орталығына ғылым мен бизнесті интеграциялау, инвестициялар тарту шеңберінде Ғылым қорының портфелінен перспективалы ғылыми жобалар таныстырылды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Фонд науки презентовал ШОС научные проекты

Кездесу барысында «Ғылым Қоры» Басқарма төрағасы Камиль Акатов ШЫҰ технологиялар трансфері орталығының директоры Чжао Чжунюанды Ғылым қорының қызметімен таныстырды.


Кездесуде гетероқұрылымдық күн батареялары негізінде күн модульдерін өндіру, физика-техникалық институтының ванадий ағынды аккумуляторлары үшін аралас ванадий оксидтерін алу технологиясын әзірлеу, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер мен ғылымды қажет ететін технологиялар» ҒЗИ термоэлектрлік модульдер мен натрий-ионды батареялар үшін нанокомпозиттік материалдар өндіру, сондай-ақ «Adele Energy Qazaqstan» ЖШС электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын жаңғырту жобаларына ерекше назар аударылды.

Comments


bottom of page