23.05.2024.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина мен «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС директоры Максим Тарасовтың ресми кездесуі барысында анықталды.
Кездесу қорытындысы бойынша жол картасы әзірленіп, көлік индустриясы үшін білікті кадрларды даярлау, сондай-ақ бірлескен инновациялық жобаларды іске асыру және ілгерілету бойынша бірлескен жұмысты көздейтін меморандумға қол қойылды.
Ынтымақтастық бағыттарының бірі - Astana Motors Manufacturing Kazakhstan қызметкерлерін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың «Лу Бань шеберханасы» базасында біліктілікті арттыру курстық даярлығы шеңберінде оқыту, білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan жабдықтарына бағдарланған бірлескен виртуалды оқыту қосымшаларын әзірлеу.
Comentários