11.06.2024.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында инженерлік білім саласындағы оқу-әдістемелік бірлестіктің (ОӘБ) «ҚР Инженерлік білімін дамыту тұжырымдамасы» тақырыбында кеңейтілген көшпелі отырысы өтті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Іс-шараға ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова, ҚР техникалық жоғары оқу орындарының ғалымдары, сондай-ақ өнеркәсіптік компаниялардың өкілдері қатысты.
ОӘБ қызметі Ұлттық біліктілік шеңберіне және кәсіби стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін дамытуға, оның әлемдік білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, білім беру процесін оқу-әдістемелік сүйемелдеуге және білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Commentaires