top of page
Search

ШҚТУ мен Ядролық физика институтының ынтымақтастығы: ғылыми мүмкіндіктердің жаңа көкжиектері

5.02.2024.


Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Ядролық физика институты" екі жақты ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Сотрудничество ВКТУ и Института ядерной физики

ШҚТУ-ға сапары барысында Ядролық физика институтының қызметкерлері Smart engineering және VERITAS-тың озық зертханалары, құзыреттілік орталықтарымен танысып, болашақ ынтымақтастық перспективалары мен бірлескен даму бағыттарын талқылады.


Басқарма төрағасы - ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина атап өткендей, білім және ғылым саласындағы әріптестік қатынастардың қалыптасуы және ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, ең алдымен, ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға бағытталған. Білім беру сапасын қамтамасыз ету және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау саласындағы бұл ынтымақтастық қазіргі заманғы технологиялар мен оқыту құралдары негізінде білім беру процесінің тиімділігін арттырады.


Сотрудничество ВКТУ и Института ядерной физики

© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page