top of page
Search

Шәкәрім университетінде алғашқы «Daryn Fest» форумы өтті

Шәкәрім университетінде алғашқы «Daryn Fest» форумы өтті. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Шәкәрім университетінде «Daryn Fest» Абай облысы дарынды түлектерінің алғашқы форумы өтті. Бас қосуға 300-ге жуық «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» үміткерлері, спорт, өнер саласындағы жетістікке жеткен білім алушылар қатысты.

Шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хатымен ашылды.


Форумның басты мақсаты – Абай облысының зияткерлік элитасын қалыптастыру, дарынды түлектерді қолдау және өңірге қызмет ету идеясын тарату.


Форум аясында «Табысты тұлғалардың дәрісі», «Ғылым және инновациялар» көрмесі, Студенттік ұйымдардың презентациялары, ҰБТ-дағы бейіндік пәндер бойынша шеберлік сыныптары, «Shakarim Quiz» интеллектуалды ойыны, дарындылар шеруі ұйымдастырылды.


Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев дарынды түлектермен кездесіп, тестілеудегі өзгерістер мен талаптар, жаңашылдықтар, шекті балл деңгейі тақырыптарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Tik-Tok пен Instagram желілеріне химия пәнінен аниме стильмен шағын видеосабақ түсіріп, елге танымал болған, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ұлан Үсенов мектеп түлектеріне химияны меңгерудің қыр-сырымен бөлісіп,тренинг-кеңестер өткізді. Дарынды балаларды қолдау мақсатында оқу орны облыстың бірнеше түлегіне «Шәкәрім грантын» табыстады.



© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page