top of page
Search

Ясауи Университеті түркі жастарына арналған жазғы мектептер ұйымдастырды

Ахмет Ясауи университеті шетелдіктерге қазақ халқының мәдениеті мен салт дәстүрін таныту, түркі елдері жастарының ынтымақтастығын арттыру, елдер арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында оқушылар мен студенттерге арналған жазғы мектептер ұйымдастырды. Сондай-ақ, қазақстандық студенттерге Түркия елінде оқуға мүмкіндік жасады, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Түркиялық серіктестермен бірлесе отырып ұйымдастырылған 3 жазғы мектептің екеуі Түркістан қаласында, біреуі Түркияның Измир қаласында өтті.


«Түркология жазғы мектебі – 2023» жобасы аясында университетке Солтүстік Кипр, Түркия, Балкан елдерінен 40 студент келіп, екі апта көлемінде қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті мен дүниетанымы, ұлттық тағамдарымен танысты. Тек танысып қана қоймай, өздері де ұлттық тағамдарды әзірледі, қымыздан дәм татып, тоғызқұмалақ пен ұлттық аспаптарда ойнады. Студенттер қыштан құмыра жасау, белбеу тігу, жүн басу сынды істерге ерекше қызығушылық танытты.














© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page