top of page
Search

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Аккредиттеу» жаңа модулін ұсынады

5.07.2024.


В информационной системе «Единая платформа высшего образования» предусмотрена разработка и внедрение нового модуля «Аккредитация», передает журнал «Современное образование» со ссылкой на пресс-службу МНВО РК.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінде «Аккредиттеу» жаңа модулін әзірлеу және енгізу көзделгенін хабарлайды.


Бұл модуль аккредиттеу органдарының танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне кіруіне байланысты процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ танылған аккредиттеу агенттіктерінің тізілімін, аккредиттелген білім беру ұйымдарының тізбелерін және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын жүргізу және әкімшілендіру үшін арналған.


«Аккредиттеу» модулін құрудың негізгі мақсаттарына ашықтықты қамтамасыз ету, цифрландыру және деректердің дұрыстығы, халықаралық бедел жатады. Аккредиттеу процестерін автоматтандыру ашықтықты арттыруға және рәсімдерді жеңілдетуге, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) өткен аккредиттеу туралы цифрлық дұрыс деректерді ұсыну мемлекеттен қаржылық қолдау алуға және әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға ықпал етеді. Сондай-ақ аккредиттелген ЖЖОКБҰ және білім беру бағдарламалары халықаралық беделге ие болып, әлемдік білім беру нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігі артады.


2024 жылғы 1 шілдеде аккредиттеу органдары үшін оқыту өткізілді, жаңа модульдің мүмкіндіктері көрсетіліп, артықшылықтары талқыланды. «Аккредиттеу» модулі аккредиттеу органдарының жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді, процестерді тиімдірек және ашық етеді.


ҚР ҒЖБМ Білім беру қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, жоғары білім беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын. «Аккредиттеу» модулін енгізу осы мақсаттарға жету жолындағы маңызды қадам болып табылады.



댓글


bottom of page