top of page
Search

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі

Саясат Нурбек

11.12.2023.


Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шараға облыс тұрғындары, мектеп мұғалімдері, профессор-оқытушылар құрамы және ЖОО, колледж студенттері қатысты, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Кездесуде министр жоғары білім мен ғылымды трансформациялау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына өңірлік жоғары оқу орындарына, сондай-ақ ел экономикасын дамыту үшін сапалы мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлінетіні туралы баяндалды.


"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылдан бастап өңірлік университеттер үшін ауыл шаруашылығы үшін техникалық мамандар мен кадрлар даярлауға жеке квота бөлінеді. Техникалық кадрларды даярлау басымдығын қамтамасыз ету үшін кадрлар даярлау шеңберінде техникалық бағыттар бойынша білім беру тапсырысы 60%-ға дейін ұлғайтылды, мемлекеттік тапсырыс көлемі 10%-ға ұлғайтылды. Бұл мемлекетке өндірістік-техникалық міндеттерді шеше алатын мамандар қажет екенін көрсетеді", - деп атап өтті С.Нұрбек.

Өз кезегінде өңір тұрғындары министрге шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға қатысты өз сұрақтарын қойды.


Сондай-ақ, "VERITAS" артықшылық орталығының басшысы Ернат Қожахметов жас ғалымдардың көпшілігі негізінен мегаполистерде тұрып, жұмыс істегенді жөн көруіне байланысты олар үшін өңірлік ғылымның тартымдылығын арттыру мәселесіне қатысты сұрақ қойды.


Министр жас ғалымға берген жауабында Министрліктің ғылым іздеушілерге қолдауды күшейтіп, университет ғылымының дамуына баса назар аударып отырғанын атап өтті.


"Осы мақсатта университеттер жанындағы 10-ға жуық ғылыми-технологиялық парктер мен инжинирингтік орталықтарға қолдау көрсетілетін болады. Сондай-ақ, жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстардың нәтижесінде 881 жоба іске асырылуда. Шығыс Қазақстан облысының университеттерінің ғалымдары өңірдің проблемаларын шешу үшін үлкен ғылыми жұмыстар атқаруда. Олар су объектілерін тазарту, көшкін қаупінің мониторингі және т.б. бойынша жобалар жасайды. Мұның жарқын мысалы - "500 ғалым" жобасы. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 қазақстандық ғалым тағылымдамадан өтеді", - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, тұжырымдама шеңберінде тең және қолжетімді жағдайлар жасау үшін гранттар, стипендиялар санын ұлғайту, "Келешек" бірыңғай ортақ жинақтау жүйесін, сараланған гранттар мен жеңілдетілген кредиттеуді енгізу жөнінде шаралар қабылдануда.


ОP бар балаларға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін инклюзивті орта құрылады, инклюзивті білім беру технологиялары енгізіледі.


Іс-шара соңында Саясат Нұрбек облыс азаматтарын жеке қабылдап, оларға жоғары білім мен ғылым мәселелері бойынша өз мәселелері мен пікірлерін білдіруге мүмкіндік берді.

 

Саясат Нурбек




Comments


bottom of page