top of page
Search

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын алматыдағы сарапшылар талқылады

19.02.2024.


Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның мүшелері, ғалымдар мен ғылыми қоғамдастық өкілдері «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын талқылады, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 



Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айдос Сарым, Таңсәуле Серіков, Екатерина Смышляева, Анас Баққожаев, ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, ҚР ҰҒА өкілдері, ЖОО басшылары, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, сарапшылар мен зерттеушілер, ҚазҰУ-дың ғалым-сарапшылары қатысты.


Қазіргі таңда «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы ҚР Парламентінің төменгі палатасында қаралуда. Ол ғылым, ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстанның ұлттық ғылыми-инновациялық жүйесі мен ғылыми-технологиялық саясатының жұмыс істеуі және дамуының негізгі қағидаттары мен тетіктерін айқындайтын болады.


Кездесуде ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан-Ахмед Заки Президент тапсырмасымен әзірленген «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасымен таныстырды.


«Бірінші – ғылымды басқару жүйесінің құрылымын жетілдіру. Екінші – ҚР Ұлттық ғылым академиясының функцияларын кеңейту. Үшінші – Ғылым қорының функцияларын күшейту. Төртінші – ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі тетікті енгізу, келешекте сол туралы орталық құру. Бесінші – ғылыми қызметкерлердің, оның ішінде жас ғалымдарға әлеуметтік қолдау пакетін кеңейту. Бұл ұсыныстар 2023 жылы қаңтар айынан бастап 200-ден астам ғалымнан құралған топпен талқыланып, мәжіліске жолданды», – деді вице-министр.

Commentaires


bottom of page