top of page
Search

Ғылымды коммерцияландыру


Саясат Нурбек

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің баяндауынша:


2023-2025 жылдарға арналған ғылымның жалпы бюджеті алдыңғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда 3,3 есе 643 млрд-қа дейін өскен.


Бұл ретте 2024-2026 жылдарға көзделген бюджет тағы 13%-ға өсіп, шамамен 730 млрд теңгені құрайды.


Жүргізіліп жатқан жұмыс аясында іргелі зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми институттарға қосымша қаржыландыру бөлінді.


Сондай-ақ жас ғалымдарды қолдау айтарлықтай күшейтілді – бүгінде олар 727 ғылыми жобаны жүзеге асыруда.


Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыруды ынталандыру шараларының бірі – гранттық қаржыландыруды ұсыну.


Өткен бірнеше жыл ішінде мұндай жобалардың елдің ғылыми-техникалық дамуына қосқан жалпы үлесі 68,6 млрд-ты құрады.


2023-2025 жылдарға осы бағыт бойынша 62,1 млрд бөлінді, бұл өткен жылдардағы қаржыландыру көлемінен екі есе артық.


2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында ғылыми-технологиялық инфрақұрылымды қалыптастыруға 16 млрд теңге бөлінген.


Жалпы 2029 жылға дейін 7 мамандандырылған инжиниринг орталығы мен ғылыми-технологиялық парк ашу жоспарланып отыр.


Comments


bottom of page