top of page
Search

ҚазАТЗУ-да Қазақстан-Австралия инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ашылады

25.07.2024


С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті 10 жылдан бері Австралияның Флиндерс университетімен берік ғылыми байланыс орнатып келеді.


КазАТИУ

Екі университет дақылдарды өсіруде молекулалық биология мен генетика бойынша бірлескен зерттеулер жүргізді. Жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті нығайтуда Флиндерс университетінің профессоры Юрий Николаевич Шавруковтың үлесі үлкен. Ол - орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген көптеген ғылыми мақаланың авторы ғана емес, сонымен қатар жоғары рейтингі бар ғылыми басылымдардың редакциялық алқасының мүшесі. 


Осы бірлескен ғылыми ынтымақтастықтың жалғасы ретінде енді ҚазАТЗУ-да Қазақстан-Австралия инновациялық ғылыми орталығы ашылмақ. Сондай-ақ, профессор Юрий Шавруковтың Ғылыми мектебін ашу көзделіп отыр.  


Профессордың еңбегі бүгін ҚазАТЗУ Басқарма отырысында атап өтілді. Басқарма төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Маратұлы Тіреуов австралиялық ғалым Юрий Шавруковты «Сәкен Сейфуллин» медалімен марапаттады. Университет басшысы ғалымды ғылыми саладағы көпжылдық бірлескен қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.

Comments


bottom of page