Қазақстанда Binance Academy-мен бірлесіп әзірленетін бастама шеңберінде блокчейн-технологиялар бойынша 40 мыңнан астам маман дайындалады. ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және «ҚР Ұлттық Банкінің Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы Бинұр Жаленов Binance Kazakhstan атынан Жасұлан Мәдиевпен академиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Экономикамыз үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында біз IT саласы өкілдерімен бірлесіп, осы бағытта білім беру жобаларын одан әрі дамыту үшін берік іргетас құрамыз. Біздің жемісті ынтымақтастығымыздың арқасында қазақстандық жоғары білім беру жүйесі ел экономикасының мұқтаждықтары үшін ғана емес, жаһандық еңбек нарығы үшін де блокчейн индустриясы саласындағы мамандар шығаратынына сенімдімін», – деді Саясат Нұрбек.
Comments