top of page
Search

Қазақстан-Канада іскерлік кеңесі: канаданың жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу

7.03.2024.


Қазақстанның ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Торонтодағы Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесіне қатысты, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


PDAC

Сапар барысында Дархан Ахмед-Заки канадалық университеттер мен білім беру мекемелерінің өкілдерімен бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Талқылаудың негізгі мәселелерінің бірі Қазақстанда Канаданың бірнеше жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу болды.


Бұл кездесулер екі ел арасындағы білім беру ынтымақтастығын дамытудағы және академиялық байланыстарды нығайтудағы кезекті қадам болды.


Министрлік өкілдерінің форумға қатысуы Қазақстан мен Канада арасындағы жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын көрсетеді.


Вице-министр ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үміт білдірді және Қазақстанның канадалық серіктестермен академиялық байланыстарды нығайтуға дайындығын атап өтті, сондай-ақ форум ұйымдастырушыларына жоғары білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың маңызды аспектілерін талқылау мүмкіндігі үшін алғыс айтты.


Сапар аясында Канаданың халықаралық білім беру бюросының президенті және CEO Larissa Bezo және Global Affairs халықаралық білім беру бөлімінің атқарушы директоры Jean-Philippe Тachdjian онлайн-кездесулер өткізілгенін атап өткен жөн. Жетекші канадалық білім беру ұйымдарының өкілдерімен екі елдің халықаралық стипендиялық бағдарламаларының перспективалары мен мүмкіндіктері, студенттермен алмасу, сондай-ақ Қазақстан мен Канаданың бірлескен жобаларына қазақстандық жастарды да, канадалық студенттерді де тарту талқыланды.


Сонымен қатар, Дархан Ахмед-Заки PDAC-2024 конференциясының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Ол көрмеге қойылған 15 жоғары оқу орындарының павильондарын аралап көрді. Конференция өз алаңында инновацияларды, тұрақты дамуды және саланың болашақ тенденцияларын талқылау үшін әлемнің түкпір-түкпіріндегі жетекші тау-кен компанияларының сарапшыларын, инвесторларын және өкілдерін жинады.


Айта кетейік, Қазақстан мен Канада арасында жоғары білім беру саласында көпжылдық жемісті ынтымақтастық жолға қойылған. «Болашақ» халықаралық стипендиясы табысты іске асырылуда. Бағдарлама шеңберінде Times Higher Education, QS Ranking және Academic Ranking of World Universities Халықаралық рейтингтерінде көшбасшы орын алатын Канаданың 10 ЖОО-мен ынтымақтастық жүріп жатыр. Канадалық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандум жобасын әзірлеу және дайындау туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.


Сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлытау облысының әкімдігі және Жезқазған қаласындағы техникалық Университеттің жұмыс істеуі бойынша «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС арасында меморандумға қол қою пысықталуда.

Comments


bottom of page