Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Ала-Тоо Халықаралық университеті (Бішкек, Қырғызстан) арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Меморандум жасасу аясында Ала-Тоо Халықаралық университеті ректоры философия докторы Жылдызбек Жақшылықов және студенттер бөлімінің директоры Асқарбек Камчиев университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясында перспективалы бағыттарды таныстырды.
ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі, Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы өзінің құттықтауында академиялық және ғылыми жобалар саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, бұл меморандум университеттердің қазіргі әлем үшін жоғары білікті мамандар мен зерттеушілерді даярлауға ықпал ететін білім, озық әдістер мен тәжірибелермен белсенді алмасуға деген ұмтылысын көрсететінін атап өтті.
Comments