top of page
Search

Қазақстан мен Әзербайжанның ғылым және жоғары білім министрлерінің кездесуі өтті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаевтың кездесуі өтті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Қазақстан мен Әзербайжанның ғылым және жоғары білім министрлерінің кездесуі өтті

Тараптар жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық ынтымақтастық бағыттарын талқылап, академиялық ұтқырлық, бірлескен зерттеу жобалары және ғылыми ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды.


Саясат Нұрбек 3 наурызда ҚР Премьер-Министрінің Әзербайжанға ресми сапары аясында Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Әзербайжанның Жоғары аттестациялық комиссиясы арасында ғылыми нәтижелерді жариялауға ұсынылатын басылымдар тізімін қалыптастыру бойынша ынтымақтастықты айқындайтын құжатқа қол қойылғанын атап өтті.


Құжат тараптар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету, екі елдің ғылыми басылымдар тізіміне енгізу үшін журналдарға қойылатын талаптар бойынша ақпарат алмасу және ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыруға ықпал ететін өзге де аспектілер сынды бірқатар бағыттарды қамтиды.


Бұдан бөлек, тараптар академиялық ұтқырлықты кеңейтуге мүделлі екенін білдірді. Бұл студенттер, оқытушылар және зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ. Сондай-ақ бірлескен зерттеулер мен инновациялық жобалар екі елдің ғылыми байланыстарын нығайтуға серпін беретіні айтылды.


Кездесу қорытындысы бойынша жоғары білім мен ғылым саласындағы серіктестікті дамытуға бағытталған нақты келісімдерге қол жеткізілді.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page