top of page
Search

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Бірлескен мәлімдемеге қол қойды

3.07.2024.


Жоғары деңгейде өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Бірлескен мәлімдемеге қол қойды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 



Сонымен қатар сапар аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы қытай тілін оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;


Еуразия ұлттық университеті мен Тянцзинь кәсіптік институты арасындағы Лу Бань шеберханасын бірігіп құру туралы өзара түсіністік туралы меморандум;


Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы мен Шэньчжэнь университеті арасында бірлескен зертханалар құруда ынтымақтастық туралы келісім;


«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ пен Қытайдың ауыл шаруашылығы университеті, Dayu Irrigation Group Co., Ltd компаниясы арасындағы шөлейтті аймақтарда суды тиімді пайдалану жөніндегі Қазақстан-Қытай халықаралық зертханасын құру туралы келісім;


«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ пен Қытай Халық Республикасының Ланьчжоу университеті арасындағы Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығын бірлесе құру туралы келісім;


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс политехникалық университеті арасындағы микроспутник арқылы ғылыми зерттеулер және таланттарды тәрбиелеу саласындағы өзара түсіністік туралы келісім;


С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Шәкәрім университеті мен Қытайдың ауыл шаруашылығы және орман технологиясына маманданған Солтүстік-Батыс университеті арасындағы Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығы ғылымы және білім беру орталығын бірлесе құру туралы келісім.

© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page