4.06.2024.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек:
«Бүгін біз ерекше мереке — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтеміз. 1992 жылы ең алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тағайындалды.
Мемлекеттік рәміздер – бұл мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер, халқымыздың күші мен бірлігінің көрінісі. Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы мен әнұраны еліміздің өркендеуіне, бейбіт өмір сүруге және ғасырлар бойғы дәстүрлерімізді құрметтеуге деген ұмтылысымызды көрсетеді.
Осы айтулы күні еліміздің әрбір азаматына мемлекетімізді дамытуға және нығайтуға қосып жатқан үлестеріңіз үшін ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Бұл ретте Қазақстанның жастары мен ғылыми қоғамдастығына ерекше назар аудару қажет. Сіздер – біздің ұлтымыздың болашағысыздар және Қазақстанның ертеңі сіздердің білімге, инновацияға және жоғары жетістіктерге деген ұмтылыстарыңызға байланысты.
Еліміздің барша азаматтарын бүгінгі атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!»
コメント