Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда «ABAI ULTTYG MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебінің құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жаңа білім ошағы Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл» іс идеясына негізделеді. Оқу процесі қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқуға бағытталған. Ол үшін Алматыдағы Абай атындағы мектеп-интернатының әлеуеті толық көлемде қолданылады.
«Республикалық дарынды балаларға арналған Абай атындағы арнайы мектеп-интернатын модернизациялау отандық білім саласының дамуына жаңа серпін беріп, өскелең ұрпақ арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға үлес қосады. «ABAI ULTTYG MEKTEBI» заманауи білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті жастар үшін оқу-ағарту орталығына айналуы қажет. Ол Мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасы мен Абайдың «Толық адам» іліміне сәйкес патриоттардың жаңа буынын қалыптастыруға, мемлекеттік басқарудың қазақстандық элитасын тәрбиелеуге бағытталған. Қазіргі уақытта біртұтас «ABAY-Programme» бағдарламасы әзірленуде, онда қазақ тілін және бірнеше шет тілін тереңдетіп оқуға басымдық берілген», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Айта кетейік, жаңа білім ошағының құрылысы былтыр қараша айында басталған еді. Жаңа ғимарат нысаны 900 оқушы орнына арналған. Оның инфрақұрылымында мектеп-пансион, мұғалімдер үйі, кітапхана, спорт кешені, жылыжай аумақтары және тағы басқа құрылыс нысандары қарастырылған. Білім ұйымын 2026 жылы қолданысқа беру жоспарланған.пансион, дом Учителя, библиотека, спортивный комплекс, теплица и другие объекты. Ожидается, что объект будет введен в эксплуатацию до 2026 года.
Comments