top of page
Search

Қазақстанда эндаументтер қауымдастығы құрылады

«Мақсатты капитал қорлары туралы» заң жобасы дайындалды. Бұл туралы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған III халықаралық эндаументтер конференциясына қатысушылар мәлімдеді, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Форум мемлекеттік органдардың, мақсатты капитал және қаржы секторы қорларының, эндаумент қорлардың және Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жоғары оқу орындарының өкілдерін біріктірді.


Жиынға қатысушылар Қазақстандағы эндаумент қорлардың бүгінгі ахуалы мен даму басымдықтарын, олардың қызметін қолдау мен реттеудегі мемлекеттік органдардың рөлін, эндаумент активтерін басқарудағы инновациялар мен технологияларды талқылады әрі ТМД елдеріндегі эндаумент тәжірибесін қарастырды.


Форум барысында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов эндаументтің білім беру мекемелерінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі негізгі рөліне тоқталды.


III Международная конференция эндаументов








© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page