top of page
Search

Қазақстандық оқушылар астрономия және астрофизика пәнінен 16-халықаралық олимпиадада жеңімпаз болды

Польшада астрономия және астрофизика (IOAA) бойынша 16-шы халықаралық олимпиада аяқталды. Оған әлемнің 50 елінен 250-ден астам мектеп оқушылары қатысты, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Қазақстан құрамасы жыл сайын «Бөбек» орталығының обсерваториясында оқу-жаттығулардан өтеді. Биылғы жылы біздің оқушылар халықаралық додада екі медаль жеңіп алды:


Күміс – Ахмаджон Табаров – Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы,

Қола – Елубай Бекасыл – Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы.


Астрономия және астрофизика бойынша халықаралық олимпиада жыл сайын әлемнің жоғары сынып оқушылары арасында өткізілетін жарыс. Мектеп оқушылары теориялық тапсырмаларды орындап, деректерді талдап, бақылаулар жүргізді.


IOAA-ның негізгі мақсаты - астрономия мен астрофизиканының танымалдылығын арттыру. Биыл байқауға әлемнің 50 елінен 250 қатысушы қатысты. Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып келеді.
















© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page