top of page
Search

Қазақстандық оқушылар математикадан Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар математикадан халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Албания астанасында математикадан 27-ші Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасы (JBMO) аяқталды. Оған Балқан түбегінің 20 ел және қонақ елдерден 130-ға жуық оқушы қатысты.


Халықаралық математикалық жарыста Қазақстан құрама командасы 6 медаль жеңіп алып, 100% нәтиже көрсетті. Жеңімпаздар:

  • Амирлан Аманжолов – Алматы қаласының КеАҚ «Республикалық физика-математикалық мектебі» 9 сынып оқушысы – алтын медаль;

  • Серік Мұрзабек – Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – күміс медаль;

  • Ерқанат Кеңшілік – Ақтөбе облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – күміс медаль;

  • Әлинұр Маратұлы – Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медаль;

  • Жанарыс Теңдіков – Қарағанды облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медаль;

  • Аят Абдуллаев – Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – қола медаль;

«Қатысушылар математикалық олимпиадалардың ережелеріне сәйкес құрастырылған авторлық тапсырмалар орындады. Оларды шешу үшін міндетті түрде ерекше тәсіл қажет. JBMO-ға қатысу – барлық қатысушылар үшін өте қысқа уақытта мәселелерді шешуде өз қабілетін тексеруге жақсы мүмкіндік», - дейді топ жетекшісі Владимир Жук.

Естеріңізге сала кетейік, олимпиадаға 19 жыл ішінде 114 қазақстандық оқушы қатысып, 15 алтын, 47 күміс, 37 қола медаль жеңіп алды.


Comments


bottom of page