top of page
Search

Қазақстандық студенттер Amazon компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндік алды

Қазақстандық студенттер Amazon компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Қазақстандық студенттер Amazon корпорациясының ауқымды халықаралық жобасымен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. OpenSearch Amazon жобасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Amazon компаниясы арасындағы меморандум аясында жүзеге асады.


2022 жылдың соңында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Amazon компаниясы арасында Жоғары білім беру саласындағы перспективалық ынтымақтастық, студенттердің оқу процесінде инновацияларды енгізу және мансабын бастау үшін қажетті дағдыларды игеру мүмкіндіктерін кеңейту туралы Меморандумға қол қойылған болатын.


Екі жақты келісім аясында Қазақстанда College Contributor initiative пилоттық бағдарламасы іске қосылды. Енді еліміздің ЖОО студенттері Amazon компаниясының халықаралық аудиториясы арасында бірінші болып OpenSearch Amazon ашық бастапқы коды бар жобамен жұмыс істеуге қатысады.




© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page