17.01.2024.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігі және Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазақстандықтар жетекші университеттерде жоғары білім ала алады, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Мажарстан 2024-2025 оқу жылына арналған «Stipendium Hungaricum» бағдарламасы бойынша 250 грант ұсынады: бакалавриатқа 110 орын, магистратураға 90 орын, бакалавриат+магистратураға 30 орын, докторантураға 20 орын.
Қытай үкіметі бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша 155 оқу грантын ұсынады.
Толық ақпаратты және құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында танысуға болады. bolashak.gov.kz.
Comments