ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізу арқылы еліміздің 10 колледжін интернационализациялау туралы айтты, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Шетелдік колледждермен тәжірибе алмасу педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, сондай-ақ студенттердің академиялық ұтқырлық шеңберінде өз білімдерін жетілдіруіне мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін қолдау және дамыту үшін Ұлттық құзыреттілік орталығы құрылады.
«Орталық студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларын дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру және WorldSkills чемпионаттарын өткізу базасына айналады», – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
Жұмысшы мамандықтар жылындағы маңызды шаралардың бірі - биылғы жылы Ақтау қаласында түркітілдес елдер арасында Turkiskills – 2025 алғашқы кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.
Comments