top of page
Search

ҚазҰАЗУ мен Паханг университеті (Малайзия) екі дипломды бағдарламаны іске қосуға келісті

ҚазҰАЗУ мен Паханг университеті (Малайзия) екі дипломды бағдарламаны іске қосуға келісті. ҚазҰАЗУ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


2023 жылғы 03 мамырда ҚазҰАЗУ мен Паханг (Малайзия) университетінің өкілдері онлайн кездесу өткізді. Кездесу «Биотехнология» білім беру бойынша екі дипломдық бағдарламаны іске асыру мәселелерін талқылау үшін ұйымдастырылды. Кездесуге Паханг университеті тарапынан Вице-канцлердің орынбасары (академиялық және халықаралық) профессор др. Мохд Росли бин Хайнин және Паханг университетінің «Өнеркәсіптік ғылымдар және технологиялар» факультетінің өкілдері қатысты. ҚазҰАЗУ атынан Академиялық мәселелер жөніндегі атқарушы директор Айнұр Қайырбаева мен «Зооинженерия және тамақ өндірісінің технологиясы» факультетінің өкілдері қатысты. Тараптар қос дипломды бағдарламаны ұйымдастыру мәселелеріне байланысты жоспарды талқылап, студенттерді осы бағдарламаға тарту жөнінде пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2023-24 оқу жылында «Биотехнология» ББ бойынша 3+1 форматтағы екі дипломды бағдарламаны іске қосу туралы уағдаласты.


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page